Жекеше

lat: Jekeshe

зат есім. Жеке малы, дүние, мүлкі бар дербес шаруа. Тұяқбай аулына қайтып келіп, осы ауылдағы жекешенің ірі қара малын бақты (О.Сәрсенбаев, Сағым). Жекешеде дорбадан Аспаған астық құйылып, Бұл колхоздай болмаған Жетісу бұрын жиылып (С.Мұқанов, Замандас.). Колхоздың жеріне жекеше отырмайды деп жатыр (З.Шүкіров, Отты өткел.).