зат есім. экономикалық. <латын тілі. privatus> Мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет осы меншікті иелену, пайдалану және билеу құқығынан, ал мемлекеттік органдар оны тікелей басқару құқығынан толық не ішінара айырылады (Қаз. тілі термин. Экономика.). Бағалы қағаздар нарығын құру жекешелендіру барысында жандануы мүмкін (Б.Жүнісов,… Нарық. экон. негіз.). Жекешелендіру субъектілері – елдің азаматтары, қызметі мемлекеттік емес меншік нысандарына негізделген заңды тұлғалар, мемлекеттік кәсіпорындардың не жалгерлер ұйымын, не дербес заңды тұлғалар ретіндегі шаруашылық қоғамын құрған еңбек ұжымдары (Қаз. тілі термин. Экономика.). Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қаружарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер) не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді (ҚҰЭ).