зат есім. 1. Кейде қатты, кейде баяу соғатын ауа ағымы. Берекелі болса ел, Жағасы жайлау ол бір көл. Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса жел (Абай, Тол. жин.). Қойғандай саты тіреп жан-жағынан, Келгендер үш-төрт саймен шығады өрге, Ыстықтан тар кезеңнен асқан шақта, Мейірің қана түсед жұпар желге (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Ұя сап, абыр-сабыр құрылыс қайнап, Тағы да көрме ашылып, тұрмыс жайнап. Қаптайды неше түрлі жұмыртқалар, Жел тербеп, салындыны қуысқа айдап (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 2. Атмосферадағы ауаның жер бетіне параллель бағытта қозғалуы. Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төмен қысымға қарай бағытталады (ҚҰЭ). Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген (ҚҰЭ). 3. ауыспалы мағына. Баянды емес, өкінішті. Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де жел (Абай, Тол. жин.). Таңғаламын бұл күнде, Жел болып өткен жасыма (Ш.Иманбаева, Өлеңд.). 3. ауыспалы мағына. Ағымы, Жетегі. Өтті ғасыр... Бақ құсы анық келді, «Қазақ» деген атыңды алып берді. Желтоқсанның желіне ере келген Егемендік қызығын халық көрді (К.Салықов, Жезкиік).