Жел

lat: Jel

етістік. Аяң мен шабу аралығындағы қатты жүріс. Жер танабы тартылды, Тұлпар аттар желгенде, Жарқылдатып найзасын (О.Шипин, Дастан.). Асың барда ел таны беріп жүріп, Атың барда жер таны желіп жүріп (Мақал). Жер қорығыш желгек шал желіп жүріп боздайды (Абай, Тол. жин.). Бәрі де шуылдады сәлем беріп, Олармен ісім бар ма, өттім желіп, «Кісі-ау, кісең езіліп түсті ғой», деп, Тамам бала айғайды салды келіп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).