Жел ағысы

lat: Jel aǵysy

Мұхит пен теңіз суының жоғарғы қабатында (үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200м тереңдік) жел мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта ұзақ соғатын желдің әсерінен пайда болған жел ағысын дрейфтік (ықпа) ағыс (мыс., Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, Батыс желдердің ағысы т.б.) деп те атайды (ҚҰЭ).