зат есім. техникалық. Ауа алмасуын қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар жүйесі. Желдету жалпы алмасымды, еріксіз, жергілікті және т.б.. болып бөлінеді (Қаз. тілі термин.). Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар – абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады (ҚҰЭ). Олардың ең бастылары – транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдықтары, желдету, газтрубина және копрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштен жанатын двигательдерді сынау станциялары, әртүрлі аэрогаздинамикалық қондырғылар (Т.Қалыбеков, Экология.).