Желдет етістігінің қимыл атауы; адамның денсаулығы мен жұмыс істеуіне қолайлы ауа ортасын жасау мақсатында бөлмедегі ауа алмасуын реттеу. Мұрат желдету үшін алдымен кластың терезелерін ашып тастады (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Баланың бөлмесін сабындап жуып, желдетудің өзі де көкжөтел микробын жояды (Е.Оразақов, Дәрігер).