Желдік

lat: Jeldik

зат есім. Ер, ашамай, ершіктің қапталы мен тоқымның арасына салынатын киіз тоқымша. Кей ер бала жанға жайлы, үсті жалпақ, жатып алар жалпиып атқа салсаң, желдік салмай мінуге жарамайды, Тегіс тиер оқпаны, сонша талпақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жөндеп жатыр Әлиман, Сынық ердің желдігін (С.Қасиманов, Өлеңд.). Кейбір сөз аласалау, көзге сынық, Көрінер, байқамасаң, мөлдір, тұнық. Желдік салып, сақтанбай міне көрме, Асты арам, үсті жатық, Ол бір құлық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).