Желек

lat: Jelek

зат есім. Жас келіншектер Жаулық сыртынан салатын ақ түсті жібек мата. Теңгеге телміретін еріншектер, түспеген желектері келіншектер (М.Дулатов, Шығ.). Той өтеді. Ел тарқайды. Ақбілек ақ отауында... ол келіншек. Басына жаулық салдыртыпты, сыртында желегі (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қазіргі басында желегі бар жас келіншек қалың қонақ ортасында, Абай қасында отыр (М.Әуезов, Абай).