Желімде етістігінің қимыл атауы. 1. Желіммен жабыстыру, ұстату. Марка жапсыруымда, хаттың аузын ж е л і мд е у і м д е иненің жасуындай мін болмаған шығар-ау (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). Әйнекте жарық сызат пайда болса, оның үстін арнаулы шыны желімімен ж е л і м д е у қажет (Т.Мұсақұлов, Аквариум.). Ж е л і м д е у алдында бет жағын мұқият тазартады және еріткіш заттың көмегімен майын кетіреді (Шаңырақ). 2. ауыспалы мағына. Бір нәрсені шешімін тауып қиюластыру, реттеу. Раушан Мәлік өмірінің шешілмейтін күрмелі түйініне айналды ма қалай, қисынын тауып ж е л і м д е у қолынан келмей барады (З.Шашкин, Сенім).