Желкенді

lat: Jelkendi

сын есім. Желкені бар. Балық аулайтын кемелер негізінен желкенді болатын (Ә.Нұршайықов, Менің Қазақст.). Екі қабат үлкен заводтың айналасы толған моторлы кеме, желкенді қайықтар (А.Хангелдин, Өткен күн.). Жанкелдин Каспий флотынан екі желкенді қайық алып, оған екі қару-жарақ тиеп, Александровск портына кетті (М.Қаратаев, Далада.).