Желқайық

lat: Jelqaıyq

зат есім. Керулі желкендерге әсер ететін жел күшімен қозғалатын қайық; желкенді қайық. Ертеде желқайық ортасы күйдіріліп не қашап ойылған тұтас жуан бөренеден (жалғыз ағашты), кейде екі ағаштан қосарланып (қос ағашты) жасалған (ҚҰЭ). Еңбегің еш, тұзың сор, Қайратың селге кетер ме? Толқынды теңіз заманнан Сенімді кеме болмаса, Желқайықпен өтер ме? (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Кеше суға кетерін пайымдаған Кемеші желқайықты дайындаған. Уолдер Белдет қайыққа өзі мінбей, Жас бала, кемпір-шалды уайымдаған (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Баймағамбет жалт бұрылып, тағы да жаңа өзі келген жағасына, қызыл барабай қасындағы желқайыққа қарай ұмтылды (М.Әуезов, Абай жолы).