Желқайықтай жылмаңдады [лыпыды]

lat: Jelqaıyqtaı jylmańdady [lypydy]

Ауыздығымен алысу, тарпаңдау. Аттары қан сорпа болған, өңшең желқайықтай жылмаңдаған жараулар (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Әрдайым тізгінін созып жіберіп, басын шұлғып тастап көңілді аяңдайтын Аймаңдай бүгін жеңіл басып, дәл желқайықтай лыпып тұр екен (М.Әуезов, Таңд. шығ.).