зат есім. медициналық. Жұқпалы бөртпе ауруы. Ж е л ш е ш е к – жұқпалы ауру. Баланың үсті-басын қышытып, мазасын алады (Е.Оразақов, Дәрігер.). Қызылша, ж е л ш еш е к, көкжөтел, оба ауруларынан кейін өмір бойғы иммунитет пайда болады (Ж.Сұлтанов, Аурулар. егу). Әдетте ж е л ш е ш е к жеңіл өтеді, бірақ кейде (әлжуаз балаларға шыққанда) асқынатын кезі болады, терісі іріңдейді, құлақтары мен шырышты қабығы т.б. қабынып ауырады (Шаңырақ энцикл.).