lat: Jeltoqsan
зат есім. <латын тілі. december> Қазақша он екінші айдың аты. Қараша, ж е л т о қ с а н м е н сол бір екі ай, Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жай (Абай, Тол. жин.). Тоқсан “жәді” жұлдызына келеді, сондықтан кейде “жәді-тоқсан” түрінде де айтылады. Осыдан ж е л т о қ с а н болып кетеді (М.Ысқақов, Халық.). Ж е л т о қ с а н н ы ң да, ақпанның, Қаймықпай қатты желінен. Ұшақпен ұшқан шақтарда Бірге ұшты ылғи менімен (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Жылтыр дала ж е л т о қ с а н д а да жап-жалаңаш қара қатқақ күйі жатты (X.Есенжанов, Ақ Жайық).