тарихи. 1986 жылдың 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің тоталитарлық отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық көтерілісі. Тәуелсіздік алған соң Ж е л т о қ с а н к ө т е р і л і с і туралы шындықтың беті ашылды. Бұл көтеріліс шын мәнінде Қазақстанның егемендігі мен КСРО-ның құлауына әкелген маңызды факторлардың бірі болды (Саяси түсінд. сөздік). 1986 жылы Ж е л т о қ с а н к ө т е р і л і с і бүкіл тоталитарлық жүйенің тек ұранмен өмір сүріп, қоғамды демократиялау – жазалау экспедициясына күрмеліп, ұлтаралық келісім, татулық империялық әпербақандыққа сүйеніп тұрғанын әлемге танытты (“Егемен Қазақстан”). Ж е л т о қ с а н о қ и ғ а с ы ғасырлар бойы шеттетіліп, езіліп келген халықтың рухының оянған сәті болғанымен, оның қасіретін тіпті де ұмытуға болмайды (“Түркістан”).