зат есім. тарихи. 1986 жылғы Қазақстандағы тоталитарлық отаршыл Жүйеге қарсы болған, желтоқсан көтерілісіне қатысқандар. Ж е л т о қ с а н ш ы л а р д ы баяғыда мына біз сияқтылар да қуғындаған, маған тиісіп жүрмегей! – деп безілдепті мақар майор (“Жас Алаш”). Сол ж е л т о қ с а н ш ы л а р д ы ң дені өз бағасын әлі күнге ала алмай кетті. Тіпті, осы оқиғаны ұмыттырып жіберуге әлдекімдер мүдделі де сияқты (“Жас Алаш”).