зат есім. Қыран құстың тегеурінге қарсы біткен алдыңғы үш тырнағы. Бір қара қылшық зор түлкімен алысып алып, сол түлкіге бір ж е м б а с а р тұяғын алдырып отыр екен (С.Сейфуллин, Тар жол.). Басын шайқатып, кекшитіп екі қанатын салбыратып жіберіп, шыдамсызданып отырып, аңшының қолғап киген қолын ж е м б а с а р ы м е н, тегеурінімен сығымдап қысып қояды (М.Әуезов, Қыр суреттері). Ең әлді екі ж е м б а с а р ы н ы ң бірі ақаулы кәрі баршын мен шымыр ширақ түлкі ұмар-жұмар боп жатқанда, қара балапан бұлардың төбесінен зу ете қалды (З.Көшімов, Екі бүркіт). Сарықұстың тегеуіріні, ж е м б ас а р тырнағы адамның сұқ саусағындай екен (Ғ.Нұрпейісов, Аңшы сыры).