сын есім. Жем боларлық, жемге арналған. Асқабаққа қарағанда ж е м д і к қызылшаға қаржы көп жұмсалады (А.Алманиязов, Асқабақ). Ж е м д і к дақылдар неге екпеске, екпе шөпті де естен шығаруға болмайды (С.Ақтаев, Дала.). «Көктеу» алаңдарының экрандау әсерінен (көлеңкелік) су қабатындағы фотосинтез құбылысы тұншығады, ж е м д і к жәндіктердің қырылуына және балықтардың тұншығуына әкеліп соғады (Табиғат сулары.).