Жемісті

lat: Jemisti

сын есім. 1. Жемісі мол, жемісі бар. Ж е м і с т і ағаштың басы төмен (Мақал). Қызғалдағы құлпырған, Ж е м і с т і гүл даламыз (А.Жұмағалиев, Өшп. жалын). 2. ауыспалы мағына. Нәтижелі, өнімді, қорытындысы бар. 1923–1924 жылдар Ілиястың творчествосындағы ерекше бір ж е м і с т і, өнімді жылдар еді (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Абай үшін бұл күз айрықша, бір ж е м і с т і, шабытты еңбек күзіне айналып келеді (М.Әуезов, Абай жолы). Шабысты алмастырып желіспенен, Намысты шындай берді ж е м і с т і өлең. Алысты жақындатар жыр тасыды, Үш жүзге бөлуге елді беріспеген (К.Салықов, Жезкиік).