зат есім. өсімдік. 1. <латын тілі. panax ginseng> Аралия тұқымдасы панак туысына жататын, биіктігі 30-50 сантиметрдей көп жылдық шөптесін өсімдік. Ж е н ь ш е н ь тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттыруға, кейбір жүйке және жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады (ҚҰЭ). Бұл дәрі еліміздің Қиыр Шығысында өсетін ж е н ь ш е н ь өсімдігінен жасалады (С.Сұбханбердин, Өсімдік – дәрі.). Қиыр Шығыстың атақты ж е н ь ш е н і мен Алтайдың левзейі сияқты Новосибирскінің «алтын тамыры да» шипалы қажеттерге жарайтын күндер алыс емес (С.Мұқанов, Естімеген.). 2. медициналық. Осы өсімдіктің тамырынан алынатын дәрі. Ж е н ь ш е н ь – өзі аттас өсімдік тамырынан жасалатын дәрі (М.Исамбаев,.. Мед. анықтама). Халық киік мүйізінен ж е н ьш е н ь немесе пантокрин тәрізді дәрі алуға болатынын ертеден-ақ білген (Х.Қыдырбаев, Терісі бағалы.).