географиялық. Жербедер (жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы). Ж е р б е д е р і тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра т.б. болып келеді. Ж е р б е д е р і эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады (ҚҰЭ). Осы заманғы ж е р б е д е р і шамамен бұдан 150 млн жыл бұрын қалыптасқан (ҚҰЭ). Пайдалы қазбалар өндірісінің өсуі салдарынан экологиялық ортадағы тепе-теңдік барынша бұзылады: ауылшаруашылық жерлері жарамсыз болып қалады, ормандарға нұқсан келеді, аудандардың гидрогеологиялық режимдері, ж е р б е д е р і және ауа ағындарының бағыты өзгереді, өндіріс қалдықтары жер бетін, ауа және су бассейндерін ластайды (Т.Қалыбеков, Экология.).