жер қыртысында химиялық элементтердің жалпы көшу жағдайында жер-асты суларының химиялық құрамының қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейтін гидрогеологияның саласы. Жерасты сулары геохимиясының міндеттері мыналар болып табылады: 1) жерасты суларының қалыптасу және минералдану үдерісінің барлық кезеңдерінің заңдылықтарын, олардың дамуының геологиялық тарихын және түрлі геологиялық- гидрогеологиялық жағдайларда көрініс беруін анықтау; 2) түрлі типті (топырақты, қабатаралық, терең жоғары температуралы, тектоникалық аймақ сулары, кен және мұнай кен орындары аудандары және т.б.) жерасты суларының геохимиясы ерекшеліктерін зерттеу; 3) жерасты суларының химиялық құрамының кеңістікте таралу заңдылықтарын анықтау.