сын есім. Жер сияқты. Бұл арада, басқа ж е р д е й емес, әр бес-алты шақырым сайын кейде мың, мың жарымдай киік жүреді (М.Жұмағұлов, Қыран.). Қала кішкене болса да, жаяу жүрген адамға о шеті мен бұ шеті бір көш ж е р д е й еді (Х.Есенжанов, Тар кезең). Туған ж е р д е й жер болмас, Туған елдей ел болмас (Жыл он екі ай). Арамызды кімдер біздің бөлгендей, Құшағымыз өзбектерге сол ж е р д е й. Бұлбұл құстар Наманғанда сайраған, Күнде келіп бақшамызға енгендей (С.Мәуленов, Алыс кет.).