lat: Jerge endi
а) Жердің астына кетті, түсті.
Көп шайтан көктен қашқан жерге енер.
Адамға «бісмілләсіз» жақын келер.
Тығылған бой тасалап шайтанды атса,
Адамдар қасындағы бірге өлер (Б.Майлин, Шығ.).
ә) Қатты ұялғаннан өзін қоярға жер таппады, әбден қысылды.
Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен (Абай, Тол. жин.).
Бекболат жерге еніп кеткендей болып, ұялып қала берді (С.Шарипов, Шығ.).