Жерге енді

lat: Jerge endi

а) Жердің астына кетті, түсті. Көп шайтан көктен қашқан ж е р г е е н е р. Адамға «бісмілләсіз» жақын келер. Тығылған бой тасалап шайтанды атса, Адамдар қасындағы бірге өлер (Б.Майлин, Шығ.). ә) Қатты ұялғаннан өзін қоярға жер таппады, әбден қысылды. Жас бала ұялса, ж е р г е е н е жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен (Абай, Тол. жин.). Бекболат ж е р г е е н і п кеткендей болып, ұялып қала берді (С.Шарипов, Шығ.).