Жергілікті уақыт

lat: Jergilikti ýaqyt

Жердің белгілі бір орны үшін анықталған уақыт. Ж е р г і л і к т і  у а қ ы т белгілі бір орынның географиялық бойлығына тәуелді бола отырып, бір меридианның бойына орналасқан барлық нүктелер үшін бірдей болады (ҚҰЭ). Ж е р г і л і к т і  у а қ ы т бойынша ноль сағат қырық минут, деді Алшын қолсағатына қарап (Жілеков, От кешу).