Жері

lat: Jeri

етістік. жергілікті сөз. Жерік болу. Зейнеп бүркіттің миына ж е р і п т і (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Қатша апамды біздің шешей: «Біраздан бері тағы ж е р і п жүр» дегенін анада бір естігем (З.Ақышев, Ақбел.). Жылқының жал-жаясына ж е р і г е н д е, сары-май, құртқа ж е р і г е н    д е, сенің де жүзің бұзылмай қап-қара күйінше тұрады ғой (Қ.Қуанышбаев, Шаншарлар). Ал ұл табар ма екенсің? Қыз табар ма екенсің? Айтпақшы, неменеге ж е р і п ең? (С.Кенжахметов, Қуырдақ)