Жерін

lat: Jerin

етістік. Жеркену; безіну, жалығу. Өзі туралы ойдан ж е р і н і п, сытылып шығып, жұртқа байқатпай көзімен жүгірте іңкәрді іздеген (Е.Әлімқұлов, Перизат сезім). Қалай дегенмен соғыс ұзаққа бармас, жау тез талқандалар деген игі үміттен қайран көңіл ж ер і н б е й д і (С.Омаров, Қиыр жол). Оның бәрі жаралғалы жел сөзден ж е р і н б е г е н Құбайдан болды (Бәйшешек). ... Мен несіне ж е р і н е м?! Қорқатыным өлім бе?! Қорықпай-ақ берілем. Өкінішті... Амал не... Өлмейтіндей келіп ем... Мына жарық дүнием бірге туған менімен, Бірге өледі менімен!!! (М.Мақатаев, Шығ.). Сыйламасын бақ-дәулет төрін мейлі, Сонда да адам үміттен ж е р і н б е й д і. Арасынан жүлдегер ақындардың, Менің Төлеш ағам да көрінбейді (М.Шаханов, Ғасырлар.).