Жерлеу

lat: Jerleý

Жерле етістігінің қимыл атауы. 1. Өлген кісінің сүйегін арулап көму. Марқұмның сүйегін ж е р л е у г е алып кетті (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар). Амал қанша, сүйіктісі алыс жолдан келгенде, Туған елі оны әкетіп бара жатты ж е рл е у г е (М.Шаханов, Ғасырлар.). Жаудың беті қайтқан соң, қаза тапқан жауынгерлерді ж е рл е у г е кірістік (О.Әлішев, Батыр.). Сол күні күнгей жақтан тұрған бір жылы самал, қарды күрт ерітіп, қартты ж е р л е у г е барған жұрт белуардан суға малшынып келді (С.Мұқанов, Аспаз). 2. ауыспалы мағына. Айыбын бетіне басу, сөгу, жер-жебіріне жету. Бұлардың атқосшысы осындай жазықсыз сөгу, ж е р л е у г е көне береді екен (X.Есенжанов, Ақ Жайық). 3. ауыспалы мағына. Жасыру, жамап-жасқау. Қой, бұл шындық атаулыны ж е р л е у г е де, жамап-жасқауға да болмайды екен (С.Алдабергенов, Жаңа жағалау).