Жерлеуші

lat: Jerleýshi

зат есім. 1. Өлген адамды азалап көмуші. Мұны да осылай деп жорыған  ж е рл е у ш і батальонның кісілері гвардия аға сержанты Қайрат Тұрғанбаевтың еліне, онда қалған жалғыз шешесінің атына «қара қағаз» жібереді (Ө.Қанахин, Бақыт.). Дубно үшін болған шайқаста қаза тапқандарды жинап жүрген ж е рл е у ш і л е р Қайрат Тұрғанбаевтың медальонын тауып алады («Қаз. әдеб.»). Ж е р л е уш і л е р сонда барып, Төмпешіктен қабір қазды (С.Керімбаев, Еңбек.). 2. ауыспалы мағына. Жер-жебіріне жетіп сөгуші, жазғырушы. Ең жақсысы әлгіндей сорақы оқиғаны құптаушы, мақтаушы жоқ та, жазғырып, ж е р л е у ш і көп (С.Байжанов, Сұңқар көңіл.).