зат есім. От жағып, үстіне қазан асуға, нан пісіруге арналған шұңқыр. Есіктің алдындағы ж е р о ш а қ т ы ң аузында, қазанның астына дәміл-дәміл шырпы тастай отырып, Бәтжан шалы туралы шым-шытырық ойларға кетті (Т.Нұржекеев, Бір өкініш.). Көгенде қозы, Желіде құлын байлауда. Ж е р о ш а қ бықсып, Қазанда бағлан қайнауда. Қазақы үйдің қайыра түріп іргесін, Қайғысыз, қамсыз отырушы едім жайлауда (М.Мақатаев, Шығ.). Міне, біз ауылға келіп қалдық. Мен алдымен ж е р о ш а қ басындағы сүт пісіріп отырған әжемді таныдым (М.Дулатов, Шығ.).