Жерошақ майлау

lat: Jeroshaq maılaý

этнографиялық. Той, ас берілер алдындағы берілетін ас; кеңесасы. Ас берілерден екі-үш күн бұрын шаруашылық адамдары жиналып келіп, ошаққа ат шаптырып шағын той жасап, өткерілер астың қамын ақылдасады. Ж е р о ш а қ  м а й л а у сондай-ақ «ошақ майлар», «ошақ бәйге», «ошақ асы», «жерошақ қоңырсыту» деп аталса, бұл ғұрып қырғыздарда «кемеге бәйге» деген атпен белгілі (Д.Қатран, Қазақ. асағам.). Ж е р о ш а қ  м а й л а у той, ас берілер алдында даяшының жасайтын адамдарға көрсетілер сый-сияпаты. Ас өтердің алдында оны өткеру үшін бөлініп, іріктелген шаруашылық адамдары ас белгілегеннен бірекі күн бұрын жиналып, дайындық жасайды (Д.Шоқбарұлы, Ата салт.).