Жету

lat: Jetý

Жет етістігінің қимыл атауы; арақашықтығы едәуір жерге бару. Сонымен Сұлтанмахмұт зор адамшылық деп түсініп, Томға ж е т у г е, профессор Захаровқа көрінуге бел байлаған (Д.Әбілев, Арман.). Сырдың бойы түлеуде, құлпыруда, Алқабында күй шалқып, жыр тұнуда. Төретамдар стартқа кезек алып, Байқоңырға ж е т у г е ұмтылуда (М.Мақатаев, Шығ.). Одан кейін Ырғыз өзенінің төменгі сағасымен жүріп отырып, мамырдың жиырмасында Кенесары ауылдарының жайлауы Торғай өзенінің жағасына ж е т у і керек (І.Есенберлин, Қаһар). Шабады шабармандар, ж е т у г е асық, Жол тартқан тапсырма алып, сапар қашық. Қала жоқ, поселке жоқ ол заманда, Төтелеп асу асад, белді басып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).