Жетекші

lat: Jetekshi

зат есім. 1. Жолбасшы, жол бастаушы. Алдарыңыздағы аңшыға ж е т е к ш і болсын деген еңбек иесі қарттың өмір шындығы осы (Ш.Айманов, Қыран.). Жетесізден ж е т е к ш і шықпасын халық жақсы біледі (М.Әлімбаев, Тәрбие тур.). Дәукеннің ж е т е кш і с і бар, түнде қара тайынша болып, алдынан арқан бойы озық жүріп отырады (Т.Ахтанов, Махаббат.). 2. Құрылған ұйымның басқарушысы, ұйымдастырушысы. Жігерлі де зерек Сындыбала көп ұзамай звено ж е т е к ш і с і болып тағайындалды (К.Баялиев, Жер.). Жастар ж ет е к ш і с і деген осындай шаралардың ұйытқысы болуы керек (С.Мұратбеков, Көкорай). Мұғалімдер елдің қай жұмысына болса да ж е т е к ш і болып отыруы керек (Б.Майлин, Шығ.). Семинарға Президент Әкімшілігінің, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жауапты қызметкерлері, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, өңірлердегі ішкі саясат департаменттерінің, ақпарат және қоғамдық келісім басқармаларының ж е т е к ш іл е р і қатысты («Егемен Қазақстан»). Асылаға, жалынды саяси ж е т е к ш і Ғани оны білетін бүкіл Орта Азия жастарының жүрегінде (Ш.Өтепов, Ғани.). 3. ауыспалы мағына. Негізгі, басты. Шымкент облысында мақта шаруашылығы халық шаруашылығының ж е т е к ш і саласы болып есептеледі (М.Майлыбаев, Мақта егісі). Ауыспалы егісте картопқа ж е т е к ш і орын берілуі шарт (Б.Шағыров, Картоп). Ми қыртысының ж е т е к ш і рөл атқаратындығы түрлі тәжірибелер жасау арқылы дәлелденген (С.Жұмабаев, Ұзақ өмір.). 4. ауыспалы мағына. Түрткі, себеп. Әкемнің осы сөзі ж е т е к ш і болғандай, Ертіс бойына құс іздеуге жүрмек болдым (Ш.Айманов, Қыран.). Қазақстанның үш жылғы жұмысында ж е т е к ш і болған сол жоғары айтылған нұсқау (С.Сейфуллин, Шығ.). 5. сөйлеу. Ғылыми жетекші. Алматыға осы күз барып, тақырыбымды бір бекітіп, бір білімді ж е т е к ш і табам ба деп едім, әттеген-ай, қырсығып тұрғанын қарашы жалғанның, деп Сағын қабағын тыржитып ойланып қалды (Р.Сәрсенбаев, Өмір сүр.).