Шишасының түбінің диаметрі жеті сантиметр болатын шам. Аяқ жақтағы сыры көше бастаған аласа кебеже үстінде ж е т і л і к ш а м жанып тұр (А.Нұрманов, Құлан.). Жәзира терезе алдындағы өлеусіреген ж е т і л і к ш а м ғ а қарап, күлімдеп отыр (М.Сүндетов, Ескексіз.). Стол үстіндегі тағам да, ж е т і л і к ш а м да таң атқанша орнынан қозғалған жоқ (С.Жүнісов, Жапанда.). Мен ж е т і л і к ш а м д ы басыңқырап қойып, қаракөлеңке тартқан үй ішінде шешіндім де, шалқамнан жата кеттім (Ж.Саин, Жол үсті.). Қас қарайған кез еді: даяшы жігіт ж е т і л і к л а м п ы н ы жағып, қайыңның безінен нақыстап істеген үш сирақты күрсіге орнатып, ортаға қойды (Ж.Аймауытов, Шығ.).