Жетімді

lat: Jetimdi

сын есім. Жеткілікті, толық. Курсанттар үшін білімді ұстаз, ж е т і м д і тамақ, жақсы киімге қоса толып жатқан тұрмыстық қызметтің талаптық деңгейінде көріну қажет (Е.Дүйсенбаева, Береке.). Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім ж е т і м д і болсын деп, қызметке, болыстық, билікке таластық (Абай, Тол. жин.). Шамасы, әңгімесі ж е т і м д і, қызықты болу үшін оқиға болған жердің өзіне бармақ, әңгімені сонда айтпақ (С.Бақбергенов, Қан тозаң).