зат есім. 1. Әке-шешесіз қалушылық, жетім болушылық. Ақбілек өзінен бетер сол екеуінің ж е т і м д і г і н е қабырғасы қайысатын (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ж е т і мд і к батып жанына, Көп екен кезі жасыған. Қол созып өнер таңына, Детдомда болған жасынан (А.Бақтыгереева, Өрімтал). Әлемді шаттық ән тербесін, Тербесін, құлашын сермесін. Біз көрген азабын ж е т і м д і к т і ң, Ешкімнің басына бермесін (М.Шаханов, Ғасырлар.). Бала күнгі базар тарқап той көрмей, Көкірегіңді кернесе де ой нендей. Елің барда еркін өсіп ержетіп, Ж е т і мд і к к е жетілдің сен бой бермей (С.Мәуленов, Алыс кет.). Ж е т і м д і к п е н өткен балалық шағы, көрген қорлықтары оның мінез-құлқын өзгерте алмаған (Ә.Әлімжанов, Отырар.). // Жасқаншақ, батылсыз. Шайзаданың көзінің құйрығына жас іркіліп, көкірегіне қайдағы бір ж е т і м д і к ойлар қордалана бастады (Ә.Кекілбаев, Бір шөкім.). 2. ауыспалы мағына. Жалғыздық, қамқоршысыз қалушылық. Ж е т і м д і к т і ң мұң-зары, Қоспанға да таныс еді (Т.Ахтанов, Дала сыры). Дариға, ол қиялым баққан жастан, Жоғалды енді артына қайырылмастан. Жат жерде, жау қолында жалғыз өлем, Ж е т і м д і к тұтқындықтан құтылмастан (А.Байтұрсынов, Шығ.).