Жеткіліксіз

lat: Jetkiliksiz

сын есім. 1. Жетпейтін, жетіспейтін. Қазақстан жері ылғалы ж е тк і л і к с і з аймақтар қатарына жатады (X.Мұстафин, Ақ тары.). Ол үшін екі пұт бидайдың ж е т к і л і к с і з екенін есіне алып, ойша Сатыбалдының қазынасына ат басын тіреп тоқтаған (А.Мекебаев, Құпия.). Барлығына бірдей мінуге көлік ж е т к і л і к с і з, сұрап мінетін бай ағайындары (С.Шәріпов, Бекболат). 2. Аз, аздық етеді, жетімсіз. Ажарына жан тең келмес, айдай толықсыған сұлуды алу үшін Байтабынға құр Жоламан батырдың жиені болу ж е т к і л і к с і з (I.Есенберлин, Қаһар). Мәдени-көпшілік жұмыстарын тек клуб шеңберінде ғана жүргізу ж е т к і л і к с і з («Қаз. әдеб.»). Атаның ұлы болып қою ж е т к і л і к с і з, адамның баласы, елдің ері болған артық (С.Бақбергенов, Адам.). Жақсыны жақсы деу ж е т к і л і к с і з, жақсылығын көрсету керек (Ж.Жұмаханов, Махаббат.).