Жеткіліксіздік

lat: Jetkiliksizdik

зат есім. Аздық, кемдік, жетімсіздік. Шөп шабуға бөлінген күштің ж е т к і л і к с і з д і г і сөз болды (М.Дүзенов, Ақәже). Ылғал ж е т к і л і к с і з д і г і н е н кеуіп қалған өсімдік қайта қалпына келмейді (С.Тұрдиев, Үй өсімдік.). Тас жолдарда кездескен басқыншылардың бақайына дейін қаруланған топтарымен айқасқанда әлі де болса қару-жарағымыздың ж е т к і л і к с і з д і г і н е н көп қиындық көріп жүрдік (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Мұнай өндіру технологиясының ж е тк і л і к с і зд і г і бұл байлықтың жер қойнауына едәуір ысырапқа ұшырауына себепші болуда (Т.Қалыбеков, Экология.).