Жеткіншек, жасөспірім, жас үлан, жас өрен, бозбала, бүлдіршін, түлек

lat: Jetkinshek, jasóspirim, jas úlan, jas óren, bozbala, búldirshin, túlek.

Ер жетіп, есейіп қалған ұл бала, қыз-бозбала; Жас ұрпақ, жас буын.

Шыңғыс пен Мұса орталарындағы жас жеткіншекке мелшие қарап қалды (А. Сатаев).

Ол өмірге ойлана қараған жасөспірім шағынан Абай өлендерін сүйіп оқыды (I. Есенберлин).

Тағзым ет, иіл, жас ұлан, есіңе ал батыр атаңды (Қ. Ыдырысов).

Жас өрендерді болашақта жан-жақты азамат етуге барлық жағдай жасалып отыр («Лен. жас»),

Сандық тас үстінде ойнап, қой жайып жүріп өткізген бозбала шағында да осының үстіне келіп отырып ойға бататын еді (К.Сегізбаев).

Бұл балалардың қай-қайсының да жас мөлшері 16-17 шамасындағы өрімдей-өрімдей бүлдіршіндер (Қ. Сағынбаев).

Жас түлек ғалымдар Африка халықтарының тілдері туралы диссертациялар жазуда (Ә. Шәріпов).