зат есім. Жасөспірім; жас жігіт. Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай, Бөкеңнің жас жолбарыс ж е т к і н ш е г і Аузынан жалын шашқан жас жанатай (М.Жұмабаев, Шығ.). Жаны жалын, жаны шерлі ж е т к і нш е к, Күлсін саған, сөксін мейлі көк есек. Мен сөкпеймін, сен сонау толқынмен, Қан майданға неге ғана кірдің деп (М.Жұмабаев, Шығ.). Қаңғырғанның ұлы деп, Серікті ұрар қақ басқа! Жеті жасар ж е т к і н ш е к Жеделдеп елін таппас па! Жек көрген балаң Ер Төстік, Жылатып достық айтпас па! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Ж е т к і н ш е к т і ң қойған сұрауына өзім жауап берудің орнына, мен оған: «Бұл мәселе туралы толық мағлұматты пәлендей кітаптан табасың, соны қара», – деуді артық көрер едім (Ж.Аймауытов, Шығ.).