Жеткіз етістігінің қимыл атауы. 1. Затты тиісті жерге апарып беру. Саған етік заказ берем, бірақ былғары ж е тк і з у і м қиын болар, – деді Гусев (Т.Ахтанов, Боран). 2. Санын теңестіру. Кеңес енді әскер санын жиырма мыңға ж е т к і з у д і жөн деп тапты (І.Есенберлин, Қаһар). 3. Хабар беру, құлақ қағыс ету, айту. Ауаның тіршілік үшін маңыздылығын айтып ж е т к і з у қиын, сондықтан кейде бір нәрсе өте қажет бола қалса оны «ауадай қажет болып тұр» деген сөзбен жеткіземіз (Т.Қалыбеков, Экология.). Адам сезімін айнытпай ж е т к і з у дүниенің азабы екен (Т.Ахтанов, Боран).