lat: Jibek
зат есім. 1. Жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пай- даланылатын табиғи талшық.
Жібектің механикалық қасиеттері жоғары, әрі жақсы диэлектрик, 120-130С ыстыққа төтеп береді, тек 160-170С-та ғана ыдырай бастайды. Көп еңбек қажет ететіндіктен жібек ең қымбат талшық саналады, сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған (ҚҰЭ). Табиғи, жасанды немесе синтетикалық ж і б е к талшықтардан тоқылған матаның жалпы атауы. Көз – мерген, жігіт – мылтық, көңіл – білте, Орамды аң табылмай атылмайтын. Жібек пен қойдың жүнін қосып ессең, Бірігіп арқан болып қатылмайтын (Ә. Найманбаев, Шығ.).
2. Беті тегіс, жылтыр қымбат (бағалы) мата.
Саздауға біткен құба тал Кімдерге сайғақ болмаған. Басына жібек байлаған Арулар кімнен қалмаған. (Махамбет, Шығ.). Үстіндегі қалың қара жібекпен тысталған пұшпақ ішігінің айналасына жалпақ құндыз ұстатқан (М.Әуезов, Шығ.)//Жібектен жасалған. Жолға зор әділетсіз ұлық екен. Марқамат іс етпеді жұрт мақтауға. Ұржар мен Бақтыдағы бес болыс ел, Қамалдық ақ шабақтай жібек ауға (Ә. Найманбаев, Шығ.) Үйге Ильяс кіріп келді. Үстінде қара костюм, мойнында жібек көк галстук. Жібек қамқа кисең де, Жараспас болып сән кетер (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
3.ауыспалымағына. Жұмсақ, биязы, майда.
Алдымда айдағаным шаң жуытпас,
Колхоздың жібек жалды арғымағы (А.Жұмағалиев, Өшп. жалын).
Жібек жалын жайнатып,
Ортекедей ойнатып,
Қабырғаңды сөгілтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Әлі-ақ шауып алады
Түйең менен жылқыңды (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
Ақылың Манат сенің жаннан асты,
Баласың алтын айдар, жібек шашты.
Күрек тісін күлімдетіп,
Қылмады құдай душар сіздей мәсті (Айтыс).
Ей, менің нұрлы ғұмырым!
Жастығым, мөлдір тұнығым,
Ей, менің қыздай қылығым!
Төгіліп жібек тұлымың,
Бойыңды басып бұрымың,
Қай жерде жүрсің, құлыным?! (М.Мақатаев, Шығ.).
4.ауыспалымағына. Жайлы, қолайлы.
Жазы жібек, ал күзі алтындана,
Жатыр ма әлі жазира салқын дала? (М.Мақатаев, Шығ.).
5.ауыспалымағына. Жарамды, пайдалы.
Жасыңнан базар жайға барып тұрсы´
– Өнердің порасын қой, жібегін жи.
Ай сайын әр насихат андатамын ,
Хауіп айлап: «Толқи ма, – деп, – қатпаған ми?» (О.Шораяқов, Шайыр.).