lat: Jibi
етістік. 1. Судың, жылылықтың әсерінен тығыз заттың жұмсаруы, еруі, босауы.
Жұмыртқаны тұз қышқылына салса, оның қабығы жібіп кетеді (Ғалам ғажап.). Тоң- топырақ жібіді, Жатқан көптен тусырап. Мұздай ауа жылыды, Нұрын шашып күншуақ (С.Мәуленов, Алыс кетістік). Сылаңдап сылқ- сылқ күліп ақты бұлақ. Тоң жібіп, жер бу атып күн қызғалы (Д.Әбілев, Өлеңд.). Тас жібіп, таспа болмас, Дарияда жыл он екі ай жатқанменен. Өткен күнде белгі жоқ қанша айтсаң да Қызыққа бір күндерде батқанменен (Қабан жырау, Алтын қазық).
2. ауыспалы мағына. Көңілі түсу, мейірлену.
Ту, шіркін, қыздар қандай, жігіт қандай!
Қарайсың жан-тәніңмен жібіп қандай!
Сымбат сұлу жасқа көз тіккенде,
Боласың орта жасты ұмытқандай! (С.Мұқанов, Шығ.).
«Тым болмаса аяңдар, – деп, – сәбиді!»
– Әулиедей аппақ басын шал иді.
Жібімеді қарақшылар қанқұйлы (С.Мәуленов, Алыс кетістік).
Гүл белің тал шыбықтай бұраңдайды,
Жан балқып, тән жібімей тұра алмайды.
Жарасқан әзіліне жар болмаса,
Құндызға құрым киіз құралмайды (Ә. Найманбаев, Шығ.).