Жібіт

lat: Jibit

етістік. 1. тігін шаруашылығы.

Аң терісін, былғарыны киім, баскиім тігу т.б. мақсатта пайдалану үшін суға, сүтке салып жұмсарту.

Жүн сабау алдында тулаққа аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсей  жібітеді (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Содан кейін былғарыны жібітіп, сыртынан сүйек бізбен сызып, мүйіз және геометриялық фигуралар тектес өрнек жүргізіледі (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

2.тамақ. Бұршақ, тары, бидай т.б. дәнді дақылдарды асқа пайдалану үшін су, сүт сияқты сұйықтыққа салып жұмсарту.

Шай іш, Жазираш. Тарыны сүтке ж і б і т е й і н бе, жоқ, шайға салып ішесің бе? Жалтыр шекетістікөбенің Кеуіп қалған тандырды, Ж і б і т е д і тек оны Түнгі шық пен таң нұры Құстар балапандарын алғашқыда өте нәзік, жұмсақ насекомдармен, кейін дәнмен қоректендіреді. Сонда да мекиені дәнді жемсауында немесе аузында жұмсартып, ұсақтап, ж і б і т і п береді (Ә.Әлімбаев, Құстар.).

3.ауыспалы мағына. Жылы сөз, ыстық ықылас, кеңпейіл таныту арқылы адамның көңілін босату, жан-жүрегін баурап, мейірін ояту.

Жақсы сөз тасты жібітер, 

Жаман сөз басты шірітер (Мақал-мәтел).

Хат жазған Әбубәкір ғапылдықта,

Жібіткен сөз жазса да ақындыққа,

Болса да жүзіміз жат, сөзім барсын,

Лайық бұда болар татулыққа (Кердері Әбубәкір, Қазағым).