Жігіттік ғұмыр [дәурен, көшесі]

lat: Jigittik ǵumyr [dáýren, kóshesi]

Қызыққа толы жастық шақ.


Жұдырықтай жұмыр,

Бұлшық еттей шымыр,

Желіп өтті, жігіттік ғұмыр

Балалықтан озған соң,

Жігіттік дәурен келеді,

Қызыл- жасыл киініп,

Сұлу болып өсесің,

Көрген адам сүйініп

Өскенмен не болады қамыс бойлап?

Абзалы, адамдыққа көңіл қоймақ.

Көшесін жігіттіктің ластап жүр,

Жантік, Итқарамен жаман бойдақ (О.Шораяқов, Шайыр).