Жігіттік керуені

lat: Jigittik kerýeni

поэтикалық. Жастық шақтың өтпелілігі, қызық дәуреннің уақытша екендігі мағынасында.

Дүние, әттең, әуре еттің мені!

Көп қудым жетемін деп, залым, сені.

Бір күні санды соғып, «аһ» ұрамын,

Көшкен соң жігіттіктің керуені

Көшкен соң керуені жігіттіктің,

Жігітке пайдасы жоқ көп біліктің.

Тұсынан қызды ауылдың өлеңдетіп,

Жол етіп, қызыл тілім, сен желіктің (Базар жырау, Шығ.).