lat: Jikqabat
зат есім. геологиялық. Бірегей стратиграфиялық (жержылнамалық) шкаланың бесінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.
Жікқабат геологиялық уақыт тұрғысынан геологиялық ғасыр барысында түзіліп үлгерген таужыныстар қабатын құрайды. Жікқабат бөлімінің құрамдас бөлігі болып табылады, ал өзі белдемдерге жіктеледі (Қаз. тілі термин. Геология.).