lat: Jikteý
Жікте етістігінің қимыл атауы.1.Ерекшелеу.
Қазақтың құсбегілік мамандығында қаршыға атты құсқа «тұнжыр» сөзін қосып жіктеуінің сыры неде? Әлде түсі-түгіне, түр-тұлғасына, тұқым-тегіне немесе мінез-қылығына, шама-шарқына қарап жіктелген бе? Ол жағы әзірше белгісіз (Ж.Бабалықұлы, Қырандар).
2. Бөлу.
Жақыпбаевтың балаларға арналған шығармаларын, негізінен, екі салаға жіктеугеболады (Т.Жақыпбайұлы, Лашын).
3. лингвистикалық. Сөздерді сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде жақ көрсеткіштерін жалғау арқылы түрлендіру, іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория.
Емтихан билетінде үш сұрақ бар екен. 1 мәтін, 2 етістікті жіктеу, 3 фонетикалық талдау (Ауызекі).
4. информатика. <ағыл. classification> Объектілерді, заттарды, құбылыстарды, процестерді, мәліметтерді нақты бір белгілеріне сәйкес, топтама бойынша үлестіру жүйесі (Қаз. тілі. термин. Информатика.).